Мектеп миссиясы

                 Мектеп миссиясы:

Тез өзгермелі  VUCA әлемінде қажетті білім мен икемді дағдыларды меңгерген тұлғаны қалыптастыру.

 

Бүгінгі күнгі жаһандану процесіне ықпал жасап қоғамды VUCA әлеміне  (Volatility – тұрақсыз, Uncertainty – белгісіздік, Сomplexity – күрделі, Аmbiguity – бірнеше мәнді) алып келді. Бұл өз кезегінде барлық саланы, оның ішінде басқару жүйесі мен басқаруды ұйымдастырудың мәдениетінің өзгеруіне өзіндік ықпал жасады.

Басқару мен басқарушы қызметкердің арасындағы айырмашылықтарға назар аударғанымыз жөн. Ұйымды ұйымдастырудың қазіргі уақыттағы тиімді жолы ол қызметкерлер үшін жайлы орта қалыптастыру және қауіпсіздігінің кепілі болу деп сеніммен айта аламын. Басшылық жасау үшін ықпал ету керек әрекетін шебер қолдану маңызды: күштеп үрейлендіру арқылы ықпал ету; оң, дұрыс ықпалды күшейту ықпал етеді. Дегенмен ең басты фактор ол педагогтердің өмірлік құндылығы, миссиясы, жеке стратегиясы деген ұғымдармен тікелей байланысты екендігі анық.

Ғылыми бағыттарды санамалап айтпас бұрын, менің ойымша, екі үлкен блокқа бөліп алған жөн. Оның бірінішсі: жалпы білім беру саласының ЭЫДҰ-ның білім беру саласындағы сын-қатерлерге төтеп беретін трендтік үлгідегі жаңа мазмұнды концепцияларды қалыптастыру бойынша туындаған мәселелер. Бұл жерде нені «білім» деп көрсету сұрағы төңірегінде зерттеулер жүргізіледі.

Екіншісі: білім саласындағы сандық технологиялардың қолданудан туындаған «цифрлы уақытта қалай білімді береміз?» деген зерттеу мәселесіне топтастырылған бағыттар.

Бұл сұрақ төңірегінде ізденістер келесі ғылыми бағыттарды айқындады деп білемін:

  • педагогиканың цифрлы дәуірде қайта зерделенуі;
  • цифрлық трансформациялау жағдайындағы білім беру технологиялары;
  • оқу процесінің барлық аспектілеріндегі цифрлық трансформациялану;
  • цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеудің технологиялары;
  • онлайн кеңістіктегі тәрбие,тұлғаны қалыптастыру мәселелері;
  • киберпедагогика;
  • мектептің цифрлық ортасын дамыту;
  • педагогтарға қажетті контентмейкер, копирайтердің дағдылары;
  • интернет психологиясы.

Жоғарыдағы аталған бағыттардың барлығы бүгінгі педагогика  ғылым саласының заман талабы мен уақыттың қажеттіліктеріне сай даму үстінде екендігін көрсетеді. Бұл өз кезегінде қазақстандық педагогика ғылымының үшінші мыңжылдықтағы жетістіктерінің біріне айналары сөзсіз. Сонымен қоса, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы міндеттердің орындауға өз септігін тигізеді.

Білім  мен тәрбиені сапалы жүргізу бағытында мектептің жеткен жетістіктерін  жүйелей  келе,  «Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсына қатысуға толық мүмкіндігіміз  бар. Сөз соңында, ойымды  әлемге әйгілі ойшыл Әл-Фараби мен қазақтың ұлы ойшылы Абайдың сөздерімен қорытындылағым келеді: Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы. Жақсылық көрсең ғибрәтлі, Оны ойға жисаңыз, Ғалым болмай немене…