Ыстық тамақпен оқушыларды қамтамасыз етуді ұйымдастыру туралы мәлімет
2024-2025 оқу жылы
Жаңа оқу жылында мектебімізде 1387 оқушыны құрады. Мектепте тегін ыстық тамақьты ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығы 10-қосымшасының «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидасын басшылыққа ала отырып мектепішілк бұйрық шығарылды. Мектепте мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне сәйкес құжаттар жинақталып, журналға толтырылды. Сонымен қатар, мектепте тегін ыстық тамақпен қамтылатын оқушылар тізімі бекітіліп, құжаттар рәсімделіп, ыстық тамақ ішетін оқушылардың тізімі бекітілді.
Қыркүейк айы бойынша ыстық тамақ ішетін оқушылардың саны 647-ды құрап отыр. Арендатор есебінен әзірге 2 оқушы ыстық тамақпен қамтылды. Оның ішінде 1-4 сынып оқушыларының саны 620 болса, 5-11 сынып оқушыларының саны 27 құрайды.
Асханада барлық санитарлық-гигиеналық талаптар сақталған.
Оқушылардың тамақтану кестесіне сәйкес уақытылы тамақтануы және күнделікті берілетін тамақтың сапасы, құрамы, температурасы әлеуметтік педагог пен мектеп мейірбекесі бақылап, тексеріп отырады. Әсіресе, оқушылардың денсаулығына қауіпті астардың болдырмауы мен уланудың алдын алу үшін мектептің әлеуметтік педагогы мен мейірбекесі күнделікті мәзірден сынама жүргізеді. Сонымен қатар, асхананың жалпы тазалығы, қол жуатын орынның талапқа сай болуы, асханада тиым салынған заттардың сатылымға шықпауы және асхана қызметкерлерінің жай-күйі мен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуы (арнайы киім формасының болуы, тазалығы т.б.) бақылауда ұсталынады және кемшілік байқалған сәтте ескертулер беріледі. Асханада қол жуатын орында сабын, асхана залында сағат, температура өлшегіш құрал мен тіркеу журналы, ас мәзір бұрышы, ата-аналардың арыз-шағым, ұсыныс жазатын журналдары бар.
Орындаған: Әлеу.педагог
Себенова А.С
87783302610
2024 жылдың қыркүйек айының 09-ы күні № 174 бұйрық негізінде бекітілген бракеражды комиссия құрамы (қамқоршылық кеңес мүшелері,қоғамдық белсенділер т.б) мектеп асханасына бақылау жүргізді.
Бақылау кезінде төмендегідей мәселелер қаралды:
1. Жұмыс орнының тазалығы;
2. Ыдыс-аяқтардың сапасы;
3. Асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайы;
4. Күнделікті астың ҚР ДСМ МСЭҚОДАҚБ-ның бекітілген ас мәзіріне сай дайындалуы, тамақтың сапасы, нормаға сәйкестігі;
5. Азық-түліктерді талапқа сай сақталу жайы.
6. Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы.
Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша басты міндеттері:
– әлеуметтік қорғансыз отбасылар санатына жатқызылатын отбасылардан шыққан оқушыларды тегін тамақтанумен қамту;
– ата-аналар (заңды өкілдер) қаражаттарының көмегімен оқушыларды рационалды тамақтандыруды ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасау;
– білім беру мекемесінің асхана бөлмелерінің материалдық базасын нығайту және жаңарту;
– қызмет көрсетудің жаңа озық формаларын дамыту және тамақтану мәдениетін жоғарылату;
– тамақтанудың санитарлық-гигиеналық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
– ата-аналар (заңды өкілдер) мен оқушылардың арасында ыстық тамақтанудың қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу.
Оқу жылының басында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын ұйымдастыру туралы бұйрық шығарылады, мұнда тегін ыстық тамақ алуға құқығы бар оқушылардың тізімдік құрамы бекітіледі.